ЕРЕКЕҢЕ!
(Ерлан Төлеутайға)

Бұл күндері – қазақтың біртауар азаматы Ерлан Төлеутай қайғы кешіп отыр. Қос бауырынан, араға үш-төрт жыл салып, қатар айырылу – сынақтың үлкені.
Ердің сойы ғана көтере алатын қайғы.
Елі үшін ерен еңбек, ұлты үшін ұшан-теңіз қызмет атқарып жүрген Ерекең орны толмас ауыр қазаға душар болды.
Есіл азамат сынақсыз жүргендей, қайғысына қайғы жамалды.
Алды – пейіш, арты кеніш болсын!
Осындай қиын сағатта, ер басына күн туған сәтте, Еркеңе аяулы халқыңыз өзіңізбен бірге, қайғыңызға ортақ, бекем болыңыз, бекіңіз дегіміз келеді.
Сіздің алашқа сіңірген еңбегіңіз зор, өнердің бар саласында қомақты үлесіңіз, айрықша қолтаңбаңыз бар: дәстүрлі (классикалық) ән өнерін зерттеуде, насихаттауда, кино, көркем әдебиет, көсемсөз, сын, тарих, фольклортану, шежіретану, Қорқыт, Қазақ хандығы дәуірінің елім деп еңіреген, ел қорғап, жер қорыған тұлғалары, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Қаныш Сәтбаев, алашордашылар мұралары, бәрі тегіс Сіздің назарыңызда болды.
Тау көтерген Толағай бұл қайғыны көтереді деп ойлаймыз!
Сіз қазаққа керексіз.
Жақсылықтарда жолығайық…

Дидар АМАНТАЙ

17.06.2019

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here