Дидар АМАНТАЙ

ОТЫЗ КІТАП

эссе

Бірде, пойызда келе жатып, дүние жүзі әдебиеті тарихындағы ең үздік отыз кітаптың тізімін жасауды ұйғардым.
Қырық шығарма бір адамға көп әрі қиын сияқты көрінді, елу субъективтік көзқарас шеңберінде қалатынын анық білдім.
Әрине, біз белгілеген орын – түпкілікті немесе түбегейлі шешім емес, әдеби-көркем шартты мәртебе ғана. Әркімнің өз тізімі бар.
Зады, әр оқырман тізімінде әдеби атаулар орын ауыстырып, бір жолдан екінші жолға емін-еркін көшіп-қонып жүреді.
Бұл ұсыныс – менің жеке көзқарасым.
Әуелі, қолға алған тізімнің басына үш ұлы романды орналастырдым. Сосын, он күрделі кітапты айқындадым.
Жиырма шығарманы да оңай таптым. Ең соңында, отыз туынды құрамына енген кітап атауларын жеке жіктеп жаздым. Сонда, төмендегідей тізім шықты:

Үш кітап

1. “Соғыс және бейбітшілік” (XIX ғасыр), Лев Толстой;
2. “Моби Дик немесе Ақ кит” (XIX ғасыр), Герман Мелвилл;
3. “Улисс” (XX ғасыр), Джеймс Джойс;

Он кітап

4. “Жоқ уақыт жолы” (XX ғасыр), Марсель Пруст;
5. “Тас қамал” (XX ғасыр), Франц Кафка;
6. “Ағайынды Карамазовтар” (XIX ғасыр), Федор Достоевский;
7. “Жүз жылдық жалғыздық” (XX ғасыр), Габриэль Гарсиа Маркес;
8. “Аласталғандар” (XIX ғасыр), Виктор Гюго;
9. “Абай жолы” (XX ғасыр), Мұқтар Әуезов;
10. “Мың қанатты тырна” (XX ғасыр), Ясунари Кавабата;

Жиырма кітап

11. “Анна Каренина” (XIX ғасыр), Лев Толстой;
12. “Аштық” (XIX ғасыр), Кнут Гамсун;
13. “Хазар сөздігі” (XX ғасыр), Милорад Павич;
14. Жат келбет” (XX ғасыр), Кобэ Абэ;
15. “ Хахнасат калла. Үйлену тойының далда шымылдығы” (XX ғасыр), Йозеф Шмуэль Агнон;
16. “Бовари ханым” (XIX ғасыр), Гюстав Флобер;
17. “Құдыретті комедия” (XIV ғасыр), Данте Алигерьи;
18. “Қызыл мен қара” (XIX ғасыр), Стендаль;
19. “Ыстанбұл, естеліктер қаласы” (XXI ғасыр), Орхан Памук;
20. “Жар түбінде” (XX ғасыр), Джером Дэйвид Сэлинджер;

Отыз кітап

21. “Біздің қаланың шежіресі” (XX ғасыр), Нагиб Махфуз;
22. “Оба” (XX ғасыр), Альбер Камю;
23. “Біз алаңдаған қыс” (XX ғасыр), Джон Стейнбек;
24. “Париж құдай ана кешені” (XIX ғасыр), Виктор Гюго;
25. “Жел ұшырғандар’ (XX ғасыр), Маргарет Митчелл;
26. “Шыңғысхан” (XX ғасыр), Мұқтар Мағауин;
27. “Алтын іздеушілер” (XXI ғасыр), Жан-Мари Леклезио;
28. “Bleeding Edge” (XXI ғасыр), Томас Пинчон;
29. “Нью Йорктегі көтеріліс жобасы” (XX ғасыр), Ален Роб-Грийе;
30. “Қырмызы гаолян. Бір әулеттің шежіресі” (XX ғасыр), Мо Ян;

Қырық кітап

1. “Періштелер күйзелісі” (XX), Джек Керуак;

Түйін
Роман – оқырманды үлкен ойдың жетегінде ұстайтын, авторға көлемді қорытындылар жасауына, айтар пайымын толық және кешенді жеткізуіне мүмкіндік туғызатын аса бір қолайлы форма. Сірә, бұл жанрда бәріміз бір біле қоймайтын магиялық күш болса керек. Романның бізге әсері – оның осы күші. Ал әңгіме – өмірдің бір фрагменті, әңгімені жазу да оңай емес.

27.05.2019 – 14.06.2019

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here