Абыз – хафиз.
Хафазалар көне дәуірден сұңғыла жұрт еді, ізденімпаз, білімпаз, дана. Құранды жатқа білетін, хадистерді жатқа оқитын – алғыр, білгір, зерделі – ұрпағына ұстаз, айналасына үлгі. Бірақ, қазақтың жалпақ түсінігінде абыздар кең мағынаға ие болды. Аталған адами қасиеттерге ұлттық түсініктер қосылды. Рубасы, данышпан, ақсақал.
Қазір орыс тіліндегі жрец, оракул, мулла, старейшина рода, авторитет, хранитель, мудрец, опытный, предсказатель, вещий, защитник деген сөздердің барлығы қазақ тіліндегі бір ғана абыз сөзін білдіреді.
Ол – абыз.
Ұлы Шәкен Айманов есімі күзетінде тұрған мәртебе, шығармашылығына – шырақшы.
Көлеңке түсіруге лұқсат жоқ. Күйе жақтырмайды.
Нақ перзент. Бүгінде – өзі де Шәкендей абыройға ие болды. Қазақ киносы, қала берді, ұлт мәдениеті, ұлыс өнерінің аңызына айналды. Ұлттық мақтаныш халықтық шексіз махаббатқа ұласты.
Өнер қуанышы. Әлем сахнасында – адамзаттық өнерпаз. Қазақ сана-сезімін, мінез-құлқын, іс-әрекетін дүниежүзілік көлемде көрсеткен, құрметке бөлеген ер тұлға. Ер тұлға – елдіктің белгісі.
Дарынға жақ, сараң жұртқа – дарқан.
Сіз – аңызсыз дегенде, жоқ, қазақ киносының аңызы – Шәкен Айманов деген ердің ері. Табиғаты – қаһарман сойы.
Қазақ киносы іргетасын қалаушы алыптардың тұяғы. Мәйекті дәуірдің жемісі, мәуелі кезеңде қияға бікен шынары.
Ол ескіні жаңаға, кешені ертеңге жалғаған бүгін. Биографиясын алаш халқы жатқа білетін тұлға. Қалада,
қырда да – Асанәлі Әшімов. Арқада, Жырда да, Жетісу, Сырда да – Асанәл Әшімов.
Асанәлі – Батыста да, Шығыста да, Оңтүстікте де, Солтүстікте де – Асанәлі.
Талантты актер – режиссерге, танымал режиссер – сценарий авторы болды.
Фильмографиясы – биографиясы.
Халықтың қадіріне жеткен, ұрпақтың бойына қасиет сіңірген, өнердің беделін қалыптастырған, терең парасат, сұңғыла жанашыр.
Бекежан – Пушкин жазғандай, құламайтын, қашанда жан- жағы қара жол, даңғылы қасқа жол – ескерткіш.
Асанәлі сомдаған кейіпкерлерге әлі де талай ескерткіштер соғылады.
Чадияровтың кинодағы бейнесі – тұтас бір дәуірдің образы. Асанәлі Әшімов кино қаһармандардың емес, тұтас бір дәуірдің образын сомдаушы. Көз алдыңызға сол күнгі атмосфера, тұрмыс, ұлы өмірдің фрагменті келе қалады. Біреу мал айдап бара жатады, біреу саябақта қор-қор тартып отырады, біреу сатып алушының соңынан қалмай, оза басып, саудаласып кетіп бара жатады. Қым-қуыт, аласапыран, жым-жырт, сан түрлі тіршілік. Бірде, айқай, бірде, сүрең, бірде, тыныш – жұмбақ өмір.
Бекежан – халықтық образ. Елдегі барлық қаһармандық кино образдар Бекежан мен Шадияров бейнесінің ірілі-ұсақты көшірмелері.

Абыз. Аңыз. Әфсана…
10.01.2018

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here