Тегінде, бұл портал көптен ойда жүрген жоба еді. Жаңа ақпарат көзін, жылдам хабар тарату жүйесін құрғандағы басты мақсат:
бірінші, онсыз да қазақ БАҚ рыногында жетіп артылатын, қызық-думан қуған, өсек-аяң терген, қаптап өсіп келе жатқан сайттар қатарын көбейту емес, керісінше,
екінші, қазіргі қоғамдық-әлеуметтік қым-қуыт жағдайлар мен күрделі мәселелерді терең талдай алатын,
үшінші, қиын бәсекеде өз өнімін сапалы, қаз-қалпында, анық әрі дәл уақытында жеткізе алатын,
төртінші, жан-жақты зерттеп-зерделеуге қабілеттілігі арқасында, топ жарып, оқ бойы озып шыға алатын,
бесінші, биік өре, терең ақыл, көп білімге сүйенген талас-тартысқа шақыра алатын,
қорытынды, редакциялық ұжым қалыптастыру ниеті болатын.

Редакция оқырмандар тарапынан көрсетілетін белсенділікті, табандылықты, сергектікті құп көреді, қолдайды, сонымен қатар, порталға арнайы жазған ой-пікірлерді, мақалаларды, көзқарастарды жариялап отыруға аса мүдделі.
Ұзақ мақалалар басылмайды, портал назарына ұсынылған күнделікті материалдардың көлемі үш-төрт беттен аспауы керек.
Ғылым, өнер, мәдениет, әдебиет тақырыбына жазылған сыни еңбектер, көркем шығармалар да қысқа, ықшам, айқын болуы тиіс.
Қош келдіңіздер!
Маған көмекші керек, ол – біздің қырағы оқырмандарымыз. Көзі ашық, көкірегі ояу, санасында саңылауы бар жұрт.

Сайт әкімшілігі

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here