Дидар АМАНТАЙ

ХАЙДЕГГЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ БОЛМЫС ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕСІ

 

1920-шы жылдары Гуссерлдің Фрайбург университетіндегі ассистенттерінің бірі Мартин Хайдеггер (1889-1976) еді. Гуссерль Хайдеггерді ең үздік тәлімгері ғана емес, сонымен қатар, философия саласындағы ең озық мұрагері де санады. Бірде оның: “Феноменология дегеніміз: Мартин Хайдеггер екеуміз”, дегені де бар. Бірақ, Хайдеггер, кешегі семинария студенті, философ Джон Данс Скотусты (1266-1308) зерттеуші, феноменологияның басқа да қызықты бағыт-бағдары бар екенін аңғарып, сананы зерттеуді – өмір сүру табиғаты немесе болмысты философиялық тұрғыдан тану мәселесіне айналдырып жіберді.

Сөйтіп, 1927 жылы жарық көрген Хайдеггердің “Болмыс және уақыт” атты еңбегі континенттік Еуропадағы философия дамуының бағыты мен сипатын өзгеріске ұшыратты.

Өз ізденісін “Іргелі онтология” деп атаған Хайдеггер қолға алған жұмысын болмыс туралы мәселеден бастады: болмыс дегеніміз не? Қызықты жайт, осы мәселе күн тәртібіне көтерілгенде, онтологиялық сауалдарды сырт айналып, негізгі сұрақтардың жауабын табу үшін “өз болмысы өзіндік мәселеге айналған жан иесіне” – адам субъектісіне айрықша көңіл бөлді, оны Хайдеггер “Дасейнист” (“осы-Болмыс”) деп атап, оның тірлік кешкендегі әрі экзистенциалды ерекшеліктерін айқындап берді.

Хайдеггер Канттың трансценденталды философиясын еске салатын, Дайсенист табиғатын зерттеу басты сұраққа жауап қатудың алғы шарты екеніне сенімді болды. Яғни, кітаптың болмыс пен уақыт жайлы бір бөлімін, мәселе зерттелетін еңбектің белгілі бір бөлігін, Хайдеггер “экзистенциалды талқы” немесе “Дасейнисті талдау” деп атайды.

Бұл жұмыстағы Хайдеггердің орасан зор табысы – Декарттан мұра ретінде қалған, эпистемология мәселелерін қарастыратын іргелі көзқарас –  жеке субъект немесе эго-когнитан (“ойшыл”) көзқарасы болуға тиіс деген болжамға түбегейлі қарсы шығуы.

Хайдеггердің ойынша, оқшау, пайымдаушы адам туралы түсінік – туындаған түсінік, түпнұсқа түсінік емес, түйіндіге де (сущность) жатпайды. Логикаға (немесе онтологияға) сүйенсек, күллі нәрсе не заттар пайымдау объектісіне айналмастан көп бұрын бұ дүниеде бір-бірімен сан қилы байланыста болғаны, сан түрлі қарым-қатынасқа түскені белгілі еді.

Шынында да, Дасейнистің күнделікті болуы әдетте ұяң ратификациядан гөрі белгісіз “көңіл күймен” көбірек анықталады.

Тіпті,  әлемдегі болмыс Хайдеггер “қызығушылық”, “екіұдайылық” және “бос әңгіме” деп атаған әлеуметтік біркелкілік құрылымын да қамтиды.

Хайдеггер пікірінше, әлемдегі болмыстың үш жолы Дасейнде шешім қабылдай алатын қабілет (решимый) жоқтығын немесе шешім қабылдауға даяр (решительность) еместігін көрсетеді. Бабылда келтірілген, Эдем бағынан қуылғандығына сілтеме жасай отырып, ол бұл құрылымдарды адам жай-күйінің оңалмайтын, ауыр күнәға батудың жолы тұрғысында кейіптейді.

(Eigentlichkeit) неміс сөзі Хайдеггер үшін жеке экзистенциалистік ахуал немесе тағдырын қабылдауды білдіреді, оның (Хайдеггер) тақырыбы –  аутенттік амалға арналған болмыс пен уақыт, екінші бөлімінде кілт өзгереді. Ар-ұят ізденісі арқылы Дасейн әлем мен күнделікті тірлікке оралудан құтылуға шақырады немесе “мен” мүмкіндігін жүзеге асырады. Бұл Дасейннің  өзіндік санасының бір үлгісіне қатысты “қаладағы қаза” немесе  “ақырымен” қайшылыққа түсуі.

Ницше жариялаған “Құдай өлімі” туралы пассажға мойынсыну – күллі мәңгіліктің, кешенділіктің, еркіндіктің, белгіліліктің, қажеттіліктің жоғалғаны жөніндегі метафора – Хайдеггер дүниедегі болмысты экзистенциалистік еркін құлдыраудың көрінісі ретінде бейнелейді.

“Ангста”-ның бар жерде көрінуі адам өмірінің толықтай негізсіз екендігін білдіреді, болмыссыздық шыңырауына қарсы тұратын метафизикалық немесе кісіліктіктің жоқтығын көрсетеді, бұл әрбір Дайсенист басынан кешер нәрсесі.

“Болмыс және уақыт” “тарихилықты”, елдің немесе бөрінің нағыз тарихи өмірін талдаумен тәмамдалады.

Хайдеггер “Болмыс және уақыттың” екінші томын қолға алатыны туралы айтса да, жоспарланған жұмыс ақыры жүзеге аспады.

1920-шы жылдардың соңы, 1930-шы жылдардың басында “Метафизика дегеніміз не” (1920 ж.), “Платонның шындық доктринасымен” (1931-32 жж.) қатар, бірнеше очерктер жариялаған соң, меніңше, Хайдеггер өзінің ілкі ойлары Дайсенистерге көбірек жұмсалған, арналған деп ұғып, оны антропо-орталықтық сипатты деген қорытындыға келеді.

Кейінгі еңбектерінен “Дайсенист” деген ұғым көріне қойған жоқ, оның орнына “Болмыс тарихы” деген түсінік қолданылды.

Сондықтан, Дайсенистерді нысана тұтқан болмыс пен уақыт талқысынан кеткен Хайдеггердің шығармашылығында “онтологиялық бұрылыс” пайда болады.

Кер түсінігі “Гуманизм туралы хаттарда” (1947 г.) айтылады, бұл шығармасында Хайдеггер бұрынғы және кейінгі еңбектерін топтастырып жіктейді.

Соңғы жұмыстарының бірі “Метафизика туралы естеліктерінде” (1961 ж.) ол былай деп жазады:

“Болмыс тарихы – адам немесе адамзат тарихы емес, адам мен жан-жануар арасындағы қарым-қатынас тарихы да емес. Болмыс тарихы – өзіңмен өзің болу, тіпті, тек қана өзіңмен”…

Орысшадан аударған Дидар АМАНТАЙ, 18.10.2020

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here