Дидар АМАНТАЙ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕСТЕ

Эссе/мақала

Бұл мақаланың арнайы мақсаты бар. Соңғы үш-төрт жылдың көлемінде көптеген жаңа шығармалар жазуыма байланысты, оқырман қауым, сыншы ортаға жүріп жатқан өзгерістер төңірегінен бір мағлұмат, айқын түсініктеме бергім келді. Сол себепті, қолыма қалам алдым.

Бүгінде, менің шығармашылығым үш кезеңге бөлінеді: 1990-2000, 2001-2016, 2017-2021… жылдар аралығы.

Бірінші кезеңге студенттік және одан кейінгі кездері жазылған көркем туындылар жатады, екінші белес “Мен Сізді сағынып жүрмін” повесін, “Гүлдер мен кітаптар” романын, әңгімелер, өлеңдер, эсселерді қамтиды, үшінші асу тұрғысында – соңғы жылдары дүниеге келген жүзге тарта (әлде астам) әңгімелер, эсселер, философиялық трактаттар, бірнеше повестер (“Терезеден қарауытқан жалғыздық”, “Дерт”, “Шернияз”, “В поисках философа”, “Біреудің өмірі”, “Пұт-кітап”) және “Жарық жолы”, “Жақсы көрген ажардың Сіз ұнатқан күлкісі”, “Каллиграфиялық әріптер” романдарын белгілеп отырмын.

Әрі қарай – жалғыз мұрат қалды: “Тәңірдің кітабы”.

29.08.2020

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here