ГҮЛДАРИЯ МАҚЫПБЕКҚЫЗЫ

 Дүние өзгерді: ғылыми ізденістер табыстан табысқа жетіп, техникалық мүмкіндіктер ұлғайды.

Бұрын өлшеуге көнбеген ұзындықтардың, кесінділердің, сәулелердің хал-ахуалын, жай-күйін жазып алу жолдары, амалдары жаңа технологиялық биіктерге жетті, есебі жүргізілмеген шет-қиыры жоқ шексіздіктер, кеңістіктер, күрделі жұмбақтар, терең құпиялар тезге тартыла бастады.

Жан салмағын өлшеп көрдік, әлемнің көлемін анықтауға ұмтылдық, құдыреті күштінің ұлылылығын байқап үлгердік, иман әсерін тіркеп алуға тырыстық, бірте-бірте Алла тағала ықпалын аңғартуға, аңғарғанды сездіруге, сездіргенді көлденең, көлденеңді тура тартуға көштік, жоқтың бар екеніне көз жеткіздік.

Сонда, аңдап қалдық, Құдай ықпалын көрсек те, ізін таппаймыз, бар десек те, жоғына куәміз.

Рухани күштің өлшемі жоқ екен. Өзін көрдік дегеніміз Өзі емес, сөзі. Сөзінің өзі тікелей емес, жанама жеткен өсиет. Рас, ақиқаты тура, алайда, айтпағына дүйім елге түсіндіріп тәптіштеп беретін ақылшы керек.

Дәнекер – Пайғамбарымыз, салл(A)ллаһу әлейһи уә сәлләм.

Біз сөз еткелі отырған емші алпыс сегізінші жылы дүниеге келді. Білімі жоғары: заманға сай, инженерліктің күрделі кәсібін меңгерді.

Бойына қасиет қонған тәуіп.

Жасаған Ие дерт берсе, дауасы да қоса жүреді. Бір жерде, бір күйде, бір жолда (амалда).

Емшінің емі – ықыласында. Ықыласы түссе, бәріне ем табады. Сондықтан, Құдайдың ықыласын күтеміз. Жағынамыз. Сосын, жазыламыз. Көп ретте.

Пендешілік жолдан әулиелік жолға ерте бұрылды. Әрине, көріпкелдік Алла ықтиярымен, Құдай тағала қақымен, емші өзін қарапайым дәнекер көреді. Тәңірдің тілегін жеткізуші, науқастың жанға батқан сырқатына ем-дом сұраушы.

Екі арада.

Тілектің орындалуы тілеуқордың жолы ақтығында, бес намазы түгел де түген екендігінде. Әрбірден соң, ниетінде,

Көптеген медаль-марапат иесі. Ресейден де келіп өңіріне қадап кетеді. Қытай жақтан да ағылады. Халық емшісі, мыңжылдық емшісі… “Гиппократ”, “Өтейбойдақ”, “Қорқыт ата”, “Әлмерек баба” тәрізді белгілер сахибы.

Бектау ата тауындағы, Әулие үңгірінің қасиеті ашылған, сол бір жайма-шуақ жазда, таңғажайып дүниелер жұрттың көз алдынан өткен, қызық-қуанышқа толы, жомарт жылы ұсақ шоқылы Арқа жерінде тағы бір қасиетті нүкте пайда болды.

Емшінің екінші ұстазы – қырғыз бақсысы Халиса аяны тылсым сырлардың жұмбағын шешіп, құпиясын ортаға салды. Гүлдария емші бұл үңгірдің атына сай құдыреті бар екендігін келген елге жеткізді, ұғындырды, жөн айтты.

Бүгінде, қырда қымтанып жатқан Бектау ата мен елді мекендер арасы – қара жол. Сапар толастамайды, көлік тоқтамайды, сырқатының емін сырттан іздеген, халық емінен көрген бейбақтар қысы-жазы тау маңайынан табылады.

Емші емшілік жолын Түркістандағы қасиетті кесенелер, киелі орындарды аралаудан,  аруақтарға зиярат етуден бастайды. Алыстан күмбездері жарқырап көрінген Қожа Ахмет Яссауи кесенесі тақап қалған көштің, жиһангердің, елдің жан сарайына нұр құйып, санасын сәулелендіреді. Арыстан баб шуағына көміліп қайтады. Сапар Қорқыт, Қойлыбай атаға ұласады. Бұл өңір бодандықтан бой тартқан Абылайхан балалары күресімен де атақты: Қасым сұлтан, Саржан, Есенгелді, Ержан сұлтандар, Кенесары хан, Сыздық төре, бәрі қазақ үшін алысты, алаш тәуелсізідігі жолында шейіт болды. Бұл өлкеге келген адам қанаттанып оралады.

Гүлдария емші – оқыған-тоқыған адам. Тұлға. Ең әуелі, Құран білгірі. Ел тарихын құлағына құйып өскен кешегі зерек шәкірт, ерек немесе ерен тұлға, бүгінгі сергек ұстаз.

Қалт жібермейді. Сұрағанға жауабы әзір, өзінің де сауалы көп ізденімпаз діндарман.

Қазақша ем мәселелерін талқылаған, пысықтаған, тұжырымдаған кісі.

Ем-домға байланысты зерттеу мақалалар жазған адам. Шәкірт тәрбиелеген, тәлімгерлерінің табысын көрген ұстаз. Дінге байланысты, Жаратқан Құдай туралы, періштелер жайлы, аруақтарға деген құрмет-ізет хақында талай-талай дәріс оқыған, әңгіме шерткен, шежірені діни санаға, ақыл-есті тылсымға байлаған сұңғыла.

Емі қашанда шипа болсын!

21.07.2020

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here