Дидар АМАНТАЙ

АҚЫН ТАҒДЫРЫ

Әл жоқта, таң да атады,
Кеш батып,
Сәл тоқта, жан батады,
Еш бақыт

Өгейсіп жүргендерді
Емдемес,
Егесіп көрген ерді,
Кем де емес,

Қақ-соқта өмір кешіп
Күнелтер,
Бақ жоқта, көңіл нешік,
Кім ертер,

Ел бізбен кітап іздер,
жұрт жақта,
Қол үзген күнәміз дер
Бір шақта,

Шын адал ақ лебіздер,
Сен жоқта,
Иә, дәл!
Нақ мені іздер
Мен жоқта.

23.01.2020

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here