Дидар АМАНТАЙ

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КІТАП

Кеше тағы бір кітап оқыдым: бұл жолы – “Тюркские народы” атты энциклопедиялық анықтамалық, 2004 жылы “Қазақ энциклопедиясы” баспасы жарыққа шығарған, 384 бет.

Өте құнды дүние. Түркі халықтары туралы ғылыми-тарихи деректерге бай туынды. Ірі этностардан бастап кіші халықтарға дейін келтірілген мағлұматтары тегіс дәйекті әрі тиянақты.

Кітапта, тарихи деректерден басқа, жинаққа енген елдердің саяси-экономикалық құрылымы, мәдениеті, жағрафиялық жағдайы, ерекшеліктері де түгел сөз болады.

Мәртебесі жоғары кітап. Әр жылда ма, әлде араға үш-төрт жыл тастап па, толықтырылып, өңделіп, басылып отыруы тиіс дүние. Мүмкін болса, кітапқа кірген ұлт өкілдерімен ресми байланыс орната отырып, барлық түркі тілдерінде жариялайтын, тұрақты шығарып тұратын энциклопедия.

Әттеген-айы да жоқ емес. “Ветви одного дерева” атты кіріспе сөзін алайық.

Бесінші бет: “В последней четверти 7 в. Западная часть Турана вошла в состав Арабского халифата. Арабское завоевание оказало НЕГАВТИВНОЕ ВЛИЯНИЕ на тюркскую культуру и экономику, но позже (9-11 вв.), когда между Тураном и Ближним Востоком установились тесные связи, мусульманская религия и культура объединили разрозненные племена”…
Теріс әсер етті дегені қаншалықты оң?

Бесінші бет: “В тот период во всем мусульманском мире арабский язык широко использовался в науке и литературе, общественной жизни. В определенной мере это НЕГТИВНО СКАЗАЛОСЬ на развитии тюркского языка”.
Тағы теріс әсерін тигізді деп жазады.

Бесінші бет: “Во времена нашествия войск Чингис хана НАСТУПИЛ ПЕРИОД ЗАСТОЯ”.
Бұл әділ баға ма? Ұлы бабамыз Шыңғыс ханға жасалып келген қиянаттың ұшығы емес пе?

Бесінші бет: “Примером тому служит государство Амир Темира, которое хоть и на короткий срок, но способствовало экономическому , культурному и научному расцвету Туркестанского региона”. Бұл жерде 14-15 ғасырларда Алтын Орда империясының ыдырауынан соң қалыптасқан жағдайды айтып отыр. Ақсақ Темір туралы әңгіме көп екендігі белгілі.

Бір тұсында “парсоязычный таджикский’… деп жазғаны да бар.
Мынадай түсініксіз сөйлемді де оқыдым: “В мире тюркоязычных народов свыше 40, 10 из них насчитывают более 1 млн. чел. , 6 – свыше 0,5 млн.чел.”
Осы.

03.01.2020

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here