ЫҚШАМ-АҚПАР

Келер аптада, 09 желтоқсан, дүйсенбі күні, кешкі сағат 18.00-де М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті қаламгер, философ, киногер Дидар Амантайдың 50 жасқа толуына арналған “Ұлтқа қызмет” атты шығармашылық кеші өтеді.
Кеш барысында мерейтой иесі туындыларының желісі бойынша сахналық қойылымдар көрсетіледі. Кеш салтанатына Олжас Сүлейменов, Нұржұман Ықтымбаев, Досхан Жолжақсынов тәрізді қоғам қайраткерлері, мәдениет-өнер майталмандары, әдебиет сыншылары, таным-ғылым ардагерлері қатысады. Келем деушілерге есік ашық, кіру – тегін.
Дидар Амантай – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Алғыс хатымен марапатталған, Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көптеген әдеби сыйлықтардың иегері, шығармалары 20 тарта шет тіліне аударылған.

Ұйымдастыру комитеті

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here